Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы
2025 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ-де мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына 7 адам кірді. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының, Қостанай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері, Қостанай аудандық мәслихатының депутаты, Қостанай ауданы педагогикалық қызметкерлерінің ардагерлер Кеңесінің Төрағасы, сондай-ақ білім бөлімінің қызметкерлері. Отырыс барысында конкурстық рәсімдерге қатысуға келіп түскен өтінімдер қаралды. Комиссия мүшелері құжаттарға талдау жүргізді, өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді және ұсынылған ұсыныстарды талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға және нормативтік актілерге қатаң сәйкес мемлекеттік тапсырысты бөлу туралы шешім қабылданды.
