| Критерилер | Талаптар |
| Білімі | Жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: Педагогикалық ғылымдар; Бизнес және басқару (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару); Құқық (құқықтану). |
| Кәсіби құзыреттілік және практикалық тәжірибе | Стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға және оны ақпараттандыуға назар аудару, адалдық, ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жасау, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; |
| Жұмыс тәжірибесі | 1) Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы немесе осы санаттан төмен емес А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, E-4, E-R-3,E-G-2; 2) кемінде екі жыл жұмыс өтілі, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе әскери қызметтегі басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес; 3) ұйымдарда басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі. |
| Лауазымдық міндеттері | «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін іске асырады; Ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының қызметін талдайды және үйлестіреді; Ведомстволық бағынысты жалпы білім беретін мектептердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындауды үйлестіруді қамтамасыз етеді; Білім беруді дамыту, «Білімді ұлт»сапалы білім беру» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы және жобаны мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім беру саласында іске асыру бойынша, Аманат» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы, білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму және т.б. бойынша талдамалық материалды жинақтауды қамтамасыз етеді; Жетекшілік ететін мәселелердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім беру қызметкерлерден, ата-аналардан және басқа да жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттарды, өтініштерді заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды; Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, ұйымдардың қызметінде азаматтар мәлімдеген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады; Білім беру ұйымдарының уақтылы қаржыландыруын, бюджет қаражатының ұтымды пайдаланылуын және сапалы игерілуін бақылайды; Білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеуіне, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне және өмірлік маңызды қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік коммуналдық мүліктің қозғалысын бақылайды; Экономикалық мәселелер, экономиканы дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері бойынша бөліммен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды, жоғары тұрған ұйымдарға тиісті құжаттарды дайындауды бақылайды; Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізеді және тиісті стандарттарды сақтайды; Білім беру мекемелерінің уақтылы қаржыландыруын, бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуын бақылайды; Білім бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді; Облыс, аудан әкімінің тапсырмаларымен жұмысты ұйымдастырады; Еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасын сақтайды; «Электрондық өтініштер» АЖ-ға өтініштер бойынша қабылданған шешімдер мен сұрақтардың сипатын дұрыс толтыруға жауапты. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады. |