Жаңалықтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру


«Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы

(Тобыл қ., Школьная к., 40)

2025 жылғы 4 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурс рәсімдерін өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді ресімдеу талаптары және әлеуетті жеткізушілердің конкурс құжаттамасын ұсынуы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес айқындалған.

Конкурсқа қатысуға білім беру саласындағы уәкілетті органға өз қызметінің басталғаны туралы хабарлаған және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Құжаттарды қабылдау конкурс рәсімдері туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Осы Қағидаларға қосымша 1-ге сәйкес нысан бойынша өтінім;
  2. Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолы және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыс зорайтқыштың бар екендігі туралы ақпарат;
  3. Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт (үш топқа дейін сыйымдылығы болған жағдайда);
  4. Педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының және штат кестесінің көшірмелері;
  5. Ғимаратты/үй-жайды жалға алу шартының көшірмесі (бар болған жағдайда).

Құжаттар мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы ұсынылады.

Электрондық форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, құжаттар қағаз түрінде мына мекенжай бойынша тапсырылады:
«Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы, Тобыл қ., Школьная к., 40, №4 кабинет.
Құжаттарды қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, 2025 жылғы 4 қыркүйектен 24 қыркүйекке дейін қоса алғанда.

Конкурсқа берілетін құжаттар тігіліп, нөмірленіп, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қойып, мөрмен расталуы тиіс.

Комиссия тексеретін құжаттар (www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы):

  1. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;
  2. Медициналық қызметке лицензия;
  3. Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тіркеме) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (ҚР заңнамасына сәйкес);
  4. Мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес, ҚР НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 тіркелген);
  5. Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтер, олар құжаттарды конкурсқа бергенге дейін бір айдан ерте болмайтындай мерзімде берілген болуы керек.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (71455) 2-42-47.