Бос жұмыс орындары

Қостанай облысы  әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай ауданының   Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік  талаптары, 1 бірлік, D –R -2  санаты, № 01

КритерилерТалаптар
БіліміЖоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім:  Педагогикалық  ғылымдар;  Бизнес және  басқару  (экономика, есеп және аудит,  мемлекеттік  және жергілікті басқару); Құқық (құқықтану).
Кәсіби құзыреттілік және  практикалық  тәжірибе Стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға және оны ақпараттандыуға  назар аудару, адалдық,  ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жасау, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі1) Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы немесе  осы санаттан төмен емес А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, E-4, E-R-3,E-G-2; 2) кемінде екі жыл жұмыс өтілі, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе әскери қызметтегі басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес; 3) ұйымдарда басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері«Білім туралы», «Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі»,  «Мемлекеттік қызметтер туралы»,  «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.  Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін іске асырады; Ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының қызметін талдайды және үйлестіреді; Ведомстволық бағынысты жалпы білім беретін мектептердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындауды  үйлестіруді қамтамасыз етеді; Білім беруді дамыту, «Білімді ұлт»сапалы білім беру» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы және жобаны мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша білім беру саласында іске асыру бойынша, Аманат» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы, білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму және т.б. бойынша талдамалық материалды жинақтауды қамтамасыз етеді; Жетекшілік ететін мәселелердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім беру қызметкерлерден, ата-аналардан және басқа да жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттарды, өтініштерді заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды; Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, ұйымдардың қызметінде азаматтар мәлімдеген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады; Білім беру ұйымдарының уақтылы қаржыландыруын, бюджет қаражатының ұтымды пайдаланылуын және сапалы игерілуін бақылайды; Білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеуіне, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне және өмірлік маңызды қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік коммуналдық мүліктің қозғалысын бақылайды; Экономикалық мәселелер, экономиканы дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері бойынша бөліммен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды, жоғары тұрған ұйымдарға тиісті құжаттарды дайындауды бақылайды; Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізеді және тиісті стандарттарды сақтайды; Білім беру мекемелерінің уақтылы қаржыландыруын, бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуын бақылайды; Білім бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді; Облыс, аудан әкімінің тапсырмаларымен жұмысты ұйымдастырады; Еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамасын сақтайды; «Электрондық өтініштер» АЖ-ға өтініштер бойынша қабылданған шешімдер мен сұрақтардың сипатын дұрыс толтыруға жауапты. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.